Қуат Хамитовке көлік қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұл салынды

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
Қуат Хамитовке көлік қауіпсіздігін бұзғаны үшін айыппұл салынды
Қуат Хамитовке айыппұл салынды/ фото: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде ММА файтері Қуат Хамитовтің көлік жүргізген кезде қауіпсіздік белдігін тақпаған видеосы жарияланды. Мұны байқаған полиция қызметкерлері аралас жекпе-жек шебері мен видеоны көліктен басын шығарып түсірген қызды жауапкершілікке тартты.

Оқиғаның жән-жайы

Қуат Хамитов Атырауға Batyr Fighting Championship лигасының дебюттік турнирі аясында барған. 23 мамырда «Жайық» спорт кешенінде жаңа лиганың алғашқы турнирі өтуі тиіс. Кештің басты жекпе-жегінде «Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитов ирандық поп-ММА файтері Али Хейбатимен кездеседі.

Турнир қарсаңында ұйымдастырушылар Instagram желісінде спортшыны Атыраудан қалай қарсы алғаны туралы видео жариялады. Бейнежазбадан Әбілқайыр хан даңғылымен келе жатқан көліктің терезесінен Махамбет Өтемісов атындағы облыстық академиялық драма театрының актрисасы Лашын Нүркенқызы басын шығарып, спортшымен сұхбаттастақанын көруге болады.

Ал Хамитовтың өзі бұл сәтте қауіпсіздік белдігін тақпастан Mustang автокөлігін тізгіндеп келе жатқан. Видео желі қолданушыларының, кейіннен полицияның назарын тез аударды.

Атырау облыстық полиция департаменті заң бұған тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

«Тексеріс нәтижесінде Toyota Camry автокөлігінің 24 және 22 жастағы жолаушылары қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағаны, сондай-ақ көлік терезесінен денесін шығарғаны анықталды. Осы ереже бұзушылықтары үшін олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, аталған заңсыз әрекеттерге жол берген көліктің 20 жастағы жүргізушісі де жазаланды», – деп мәлімдеді полиция.

Сонымен қатар, спортшының өзі де назардан тыс қалмады. Оған көлік құралын қауіпсіздік белдігін тақпай басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Сондай-ақ оқыңыз