Тоқаев Болашақ түлегін жаңа лауазымға тағайындады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Тоқаев жаңа ауыс-түйіс жасады. Президент өкімімен Әділ Құсманов Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Әділ Құсманов 1994 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Оксфорд университетінде математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Назарбаев Университетінде математика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

Мансабын 2018-2020 жылдары Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында жетекші сарапшы ретінде бастаған. Кейін Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болды. Президенттік жастар кадрлық резервінің 3.0 мүшесі. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистика салаларына және реформалар жүргізуге жетекшілік етеді. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынады және есеп береді.

Құсмановқа дейін агенттік төрағасы қызметінде Әсет Ерғалиев отырған. Бұл лауазымға осы жылы ақпанда тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз