Ақтөбеде бес қабатты тұрғын үй өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ақтөбе қаласында бес қабатты тұрғын үй өртенді
Көп қабатты үйдің шатыры жанған / фото: ТЖМ

22 мамырға қараған түні Ақтөбе қаласында Сәтбаев көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. 50 адам эвакуацияланды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, құтқарушылар келген уақытта үйдің шатыры жанып жатқан.

«50 адам, оның ішінде 12 бала эвакуацияланды. Тұрғындар үшін арнайы автокөлік базасында жылыту пункті ұйымдастырылды», – деп таратты ТЖМ.

Тілсіз жау 290 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді. Өрт сөндірілді.

Құтқару жұмыстарына 70-тен астам адам, 30-ға жуық бірлік техника жұмылдырылды. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 19 мамырда Астанада көпқабатты үй өртеніп, 30-дан астам тұрғын эвакуацияланған.

Сондай-ақ оқыңыз