Lifestyle

Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды

фото: instagram

«Музарт» тобының әншісі Мейрамбек Беспаев «Парасат» орденімен марапатталды. Бұл туралы топтың екінші мүшесі Сәкен Майғазиев хабарлады.

Бүгін 22 мамыр күні Алматыда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен мәдениет саласының қызметкерлері марапатталды. Мемлекеттік марапаттарды Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады.

«Сүйінші, Қазақ елі! Мейрамбек досым «Парасат» орденімен марапатталды! Қазақ өнеріне бергенің де, берерің де көп. Абыройың асқақтай берсін. Ақ жүрегіммен қуаныштымын, досым», – деп жазды Майғазиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада президент мәдениет саласындағы қызметкерлерге мемлекеттік наградалар табыстаған.