Атырауда заңсыз бекіре аулағандар ұсталды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: polisia.kz

Атырау облысында заңсыз бекіре тұқымдас балықтар аулағандар ұсталды. Полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық өнімін тәркіледі. Оның ішінде 911 келіден астам бекіре тұқымдас балық және шамамен 1 келі бекіре уылдырығы бар деп хабарлайды Polisia.kz

Құзырлы орган өкілдері заңсыз балық аулау, сақтау, тасымалдау және балық өнімдерін өткізуге қатысты 152 құқық бұзушылық анықталды. Жеті қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған. Заңсыз балық аулағандардың 19 құралы мен 10 жүзу құралы тәркіленді. Ал тәркіленген өнімнің барлығы «Орал-Атырау бекіре балық өсіру зауытына» тапсырылды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тұрғындар мен балықшыларға табиғатты қорғау заңдарын түсіндіріп жатыр. Негізгі мақсат – заңсыз балық аулаудың алдын алу және ел байлығын сақтау. Тәртіп сақшылары браконьерлік үшін қатаң жауапкершілік бар екенін ескертіп, азаматтарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырады. Егер заңсыз балық аулау дерегін көрсеңіз, бірден полицияға хабарлауыңызды сұрайды.

Тағы оқыңыз: Министрлік балық аулауға тыйым салынған орындарды жариялады

Сондай-ақ оқыңыз