Із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбай автобуспен Космос ауылына барған (видео)

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Ерзат Егінбай Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылына барған
Ерзат Егінбайдың Алматы облысындағы ауылға автобуспен барғаны мәлім / фото: ЖИ көмегімен өңделген сурет

19 мамырдан бері табылмай жатқан алматылық Ерзат Егінбай сол күні түстен кейін автобуспен ауылға барғаны мәлім болды. Содан бері 25 жастағы жігіт туралы хабар жоқ.

Туыстарының айтуынша, іс-түссіз жоғалған Ерзат 19 мамырда түстен кейін сағат 15:19-да Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Космос ауылындағы «Мектеп» аялдамасынан түскен. Оның әрі қарай қайда барғаны белгісіз. Өйткені ауыл көшелерінде бақылау камералары жоқ.

View on Threads

Ерзаттың қарындасы оның жақындары мен достары Космос ауылын, Есік қаласын аралап, жоқ іздеп жүргенін жазды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласының 25 жастағы тұрғыны Ерзат Егінбай сейсенбіден бері табылмай жатыр. Екі күн бұрын жоғалған жігітті Алматы шетіндегі ауылдардан іздестіре бастаған. Өйткені ол бұрынғы Саяхат автовокзалы орналасқан ауданнан қала шетіне қатынайтын автобустардың біріне мінген. Ерзат сол күні түсте «жұмыстан сұранып шыққан».

Ерзат Егінбай, Алматы қаласында жоғалып кеткен жігіт
ЖИ көмегімен өңделген сурет

Іздеуге Алматы қаласы Жетісу аудандық полициясы ғана емес, еркітілер де қосылды. Ерзат Егінбайды көргендер болса, мына телефондарға хабарласуға болады: +7 705 105 31 31; +7 701 375 92 91 немесе 102. 

Сондай-ақ оқыңыз