Қазақстанда алғаш рет құтқарушыларға арналған демалыс кешені салынады

Ақтауда, Каспий теңізі жағалауында «112 Resort Aktau» resort-кешенінің құрылысы жалғасып жатыр. Бұл төтенше жағдай қызметкерлеріне арналған алғашқы демалыс орталығы болмақ.
Жоба Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов бастамасымен және қазақстандық құтқарушылардың жеке қорының қолдауымен іске асырылып жатыр.
Жобаның бірінші кезеңінде әкімшілік блок, капсулалық үйлер, бассейндер, спорт алаңдары және серуендеу аймақтарының құрылысы қарастырылған. Алдағы уақытта кешен аумағында қонақ үй, SPA-орталық, теннис корты, пирс, воркаут-алаңы, дәмхана және отбасылық демалыс аймақтары салынады.
«Біз өз қызметкерлеріміз бен олардың отбасылары үшін лайықты жағдай жасауымыз керек. Құтқарушылар тәулік бойы қызмет атқарып, күрделі жағдайда жұмыс істейді. Олардың толыққанды қалпына келіп, жақындарымен уақыт өткізуіне мүмкіндік болуы тиіс», – дейді жоба туралы Шыңғыс Әрінов.


База аумағында ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінен құралған әмбебап құтқару бөлімшесін орналастыру да жоспарланған.
Құрылыс аяқталғаннан кейін кешенге төтенше жағдай министрлігінің қызметкерлер, құтқарушылар мен олардың отбасы мүшелері келіп демала алады.
Оқи отырыңыз: Тобылда көпқабатты үйдегі өрттен бес адам құтқарылды