Алматыдан 300 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпуінің ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан. Бұл туралы Kursiv.media 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісі 24 мамыр күні жергілікті уақыт бойынша сағат 09:50-де тіркелген.
Жер сілкінісінің ошағы Байбиче ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым жерде және Манас қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 95 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл Алматыдан шамамен 300–350 шақырым оңтүстік-батыс бағытта.
Байбиче және Қара-Дөбе ауылдарында жер дүмпуінің күші 2 балл болған.
Қазіргі уақытта жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат түспеген.
Бұған дейін қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасы маңында магнитудасы 4,8 және 4,5 болатын екі жер сілкінісін тіркеген еді. Сондай-ақ 20 мамырға қараған түні Өзбекстан аумағында да жер сілкінісі болған.