Атырауда итті күрекпен ұрған әйелге үкім шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Приговор по делу Шерзата Болата огласят 5 июня
Үкім күшіне енген жоқ/фото: shutterstock

Атырауда итті күрекпен ұрған әйелге үкім шықты. Сот әйелді жануарға қатыгездік танытқаны үшін қоғамдық жұмыстарға тартты.

Сот таратқан ақпаратқа сәйкес, әйел мас күйде ауласында жүрген итті күрекпен ұрған. Бірнеше соққы жасап, денесін жарақаттаған.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындап, жазаны жеңілдетуді сұрады.

Сот үкімімен әйел кінәлі деп танылып, 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Үкім шығару барысында әйелдің материалдық жағдайы, кәмелетке толмаған баласы болуы ескерілген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін президент жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты құжатқа қол қойды

Айта кетейік, елде соңғы төрт жылда елдегі бұралқы иттердің адамға шабуылдауы 28%-ға, ал бұралқы иттер саны 13%-ға өскен

Сондай-ақ оқыңыз