Lifestyle

«Баян, қойсаңшы, ол менің қарындасым»: Мейрамбек Беспаев Мөлдірге жақтасты

фото: instagram

Белгілі продюсер Баян Алагөзова КешYou жайлы деректі фильмінде әнші Мөлдір Әуелбековамен арадағы келіспеушіліктер және бұл іске белгілі өнер иесі Мейрамбек Беспаевтың қалай араласқанын айтты.

Түн ортасындағы қоңырау

Продюсердің айтуынша, Ыстанбұлда жүрген кезде, түн ортасында күтпеген жерден белгілі әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаев телефон соққан. Сөз арасында Мейрамбек Мөлдір Әуелбекованы жақтап, продюсерге өтініш білдірген:

«Мейрамбек маған: «Баян, қойсаңшы, ол менің қарындасым», – деді. Мен Мейрамбекті жақсы көремін және қатты құрметтеймін. Мөлдір екеуі жерлес болғандықтан, Мейрамбек оны әрдайым қолдап жүреді», – деп ағынан жарылды продюсер.

«Мені жол ортасында тастап кетті…»

Сұхбат барысында Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбековаға қатысты өкпе-ренішін де жасырмады. Ол барлық жобаны, жұмысты бастап қойған кезде әнші келісімді бұзып кеткеніне қынжылды.

«Мейрамбек менен шындықты айтпау үшін не қалайтынымды сұрады. Маған ештеңе керек емес екенін айттым. Егер ол келіп, өзінің атқаруы тиіс міндеттерін соңына дейін орындаса, аузымды жауып, ешқандай шындықты ашпай, бәріне көз жұмуға дайын болдым. Бірақ ол мені жол ортасында, барлық істі бастап қойғанда тастап кетті», – деді Баян Алагөзова.

Баян Алагөзова сұхбат барысында Мейрамбек Беспаевтан мәселеге араласқаны үшін одан кешірім сұрай кетті. Өйткені Мейрамбек тек қарындасындай көретін жерлесіне араша түскісі келген. Дегенмен продюсер мен әнші арасындағы іскерлік әрі шығармашылық шиеленіс әлі де шешімін таппаған секілді.

Баян Алагөзованың Мөлдір Әуелбекова жайлы айтқан шындығын толық мына жерден оқи аласыз.