Өзбекстан Әлем чемпионатына құрамын жариялады

Өзбекстан футбол қауымдастығы 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімін жариялады. Бас бапкер Фабио Каннаваро мұхит асып, АҚШ пен Канададағы оқу-жаттығу жиынына аттанатын 30 футболшыны таңдап алды. Алайда, турнирдің ресми додасына тек 26 ойыншы ғана жолдама алады.
Өзбекстан футбол ассоциациясының вице-президенті Равшан Ирматовтың айтуынша төрт футболшыны сақтық үшін алды.
Қазақстандық жанкүйерлер үшін де тізімде таныс есімдер бар. Құрамда отандық Премьер-лигада доп тепкен «Ақтөбе» мен «Тобылдың» намысын қорғаған шабуылшы Игорь Сергеев және «Қайратта» ойнаған жартылай қорғаушы Жасур Жалолиддинов Әлем чемпионатында бақ сынауы мүмкін. Өкінішке қарай, алматылық «Қайраттың» тағы бір бұрынғы қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев жарақатына байланысты бұл тізімнен тыс қалды.
Бас бапкер Фабио Каннавароның кеңейтілген құрамына келесі футболшылар енді.
Қақпашылар позициясында Уткир Юсупов, Ботирали Эргашев және Абдувохид Неъматов бар.
Қорғаныс шебін Рустамжон Ашурматов, Умарбек Эшмуродов, Авазбек Улмасалиев, Абдукодир Хусанов, Абдулла Абдуллаев, Жахонгир Урозов, Хожиакбар Алижонов, Бехруз Каримов, Русланбек Жиянов, Фаррух Сайфиев, Шерзод Насруллаев және Умарали Рахмоналиев толықтырды.
Жартылай қорғаныста Азизжон Ганиев, Акмаль Мозговой, Шерзод Эсанов, Oтабек Шукуров, Одилжон Хамробеков, Достонбек Хамдамов, Жамшид Искандеров және Жасур Жалолиддинов өнер көрсетеді.
Ал шабуыл шебінде Аббосбек Файзуллаев, Остон Урунов, Жалолиддин Машарипов, Азизбек Омонов, Элдор Шомуродов, Игорь Сергеев және Шерзод Темиров ойнайды.
Өзбекстан құрамасы тарихында алғаш рет Әлем чемпионаты шығып отыр. Топтық кезеңде Португалия, ДР Конго және Колумбия елдерімен кездеседі. Айта кетейік Португалия сапында аты аңызға айналған Криштиану Роналду өзінің алтыншы әлем чемпионатына қатыспақ.