Қазақ футболының жұлдызы Дастан Сәтбаев мектеп бітірді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: видеодан скрин

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы, жас талант Дастан Сәтбаев 11-сыныпты тәмамдап, «Соңғы қоңырау» шарасына қатысты.

Салтанатты жиында түлектерге арнайы тағылған «Түлек – 2026» («Graduate 2026») лентасымен бой көрсеткен Дастан сахна төріне шығып, өзінің ақ тілегін білдірді. Футболшы ұстаздарына, академия басшылығына және осы уақытқа дейін қолдау көрсеткен жандарға алғысын айтты.

«Қайрат» футбол клубының ресми академиясы өз түлектерін маңызды күнмен ерекше құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Осы ерекше күнмен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа бастамаларына ақ жол тілейміз! Армандары асқақ, мақсаттары айқын болып, биік белестерді бағындыра берсін. Ел мақтанышы, Отанымыздың абыройлы азаматтары атануларына тілектеспіз» деп жазылған академияның инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев шілде айында енді бүкіл назарын кәсіби футболдық мансабына аударып, лондондық «Челси» футбол клубына ауысады. Бұған дейін «Қайрат» сапындағы соңғы ойынын қашан өткізетінін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз