2025 жылы ҚТЖ-ның табысы 2,7 трлн теңгеден асты

Жарияланды
Businness news бөлімінің тілшісі
2025 жылы ҚТЖ-ның табысы 2,7 трлн теңгеден асты
2025 жылы ҚТЖ-ның табысы 2,7 трлн теңгеден асты/ фото: ҚТЖ

2025 жылдың қорытындысы бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның пайдаланылатын жүк айналымы 291 тонна-километрді құрады. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 9%-ға жоғары.

Жалпы тасымалдау көлемі 320 млн тоннаға жетті, ал транзит 13%-ға өсіп, 33 млн тоннаны құрады. Бұл туралы Қордың Қоғамдық кеңесінің отырысында компания қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов мәлімдеді. Ол теміржол көлігінің ел экономикасындағы рөліне тоқталып өтті.

«Теміржол көлігі Қазақстан экономикасының негізгі элементі болып қала береді, ол елдегі барлық жүк айналымының 62%-ын және жолаушылар айналымының 18%-ын қамтамасыз етеді», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, қаржылық көрсеткіштер де өсім көрсеткен. Компания табысы 2 761 млрд теңгені, ал таза пайда 340 млрд теңгені құрады, бұл өткен кезеңдегі деңгейден 91%-ға жоғары.

Сонымен қатар, экспорттық тасымалдың көлемі де 7,2%-ға ұлғайып, 89,2 млн тоннаға жеткен.

Айта кетейік, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы IPO-ға шығуды тағы да кейінге қалдырғанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз