Қырғызстан да Starlink спутниктік интернетке қосылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Старлинг спутник интернеті
Орталық Азиядағы үшінші ел Starlink желісіне қосылды / фото: x.com/Starlink

Қазақстан мен Тәжікстаннан кейін Қырғызстан да Starlink спутниктік интернет желісіне қосылды. Өзбекстан мен Түркіменстан оған биыл қосылуға тиіс.

Starlink компаниясының ғаламдық картасында Қырғызстан желіге қосылған елдер қатарында тұр. Көрші ел 2026 жылғы 23 мамырдан бастап спутниктік интернет қызметін тұтына бастады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл сәуір айында қырғыз үкіметінің өкілдері Вашингтонға барып, SpaceX компаниясымен келіссөз жүргізген. Сол кезде Бішкек спутниктік интернет жақында жұмыс істейтінін жариялаған.

Қырғыз билігі оған шалғайдағы ауылдарды, мектептер мен ауруханаларды, басқа да әлеуметтік нысандарды қосуды көздеп отыр.

Айта кетейік, 2026 жылғы ақпанның басында Тәжікстан ресми түрде Starlink спутник интернетіне қосылған. Қазақстанда бұл желі 2025 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Жақында елдегі пойыз спутниктен интернет ала бастады.

Сондай-ақ оқыңыз