«Реал Мадрид» футболшылары жоқ: Испания Әлем чемпионатына құрамын жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
сборная Испании, чемпионат мира
фото: FIFA

Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын Испания ұлттық құрамасының сапына мадридтік «Реалдың» бірде-бір футболшысы енбей қалды. Бас бапкер Луис де ла Фуенте турнирге аттанатын команда құрамын 25 мамырда ресми түрде жариялады.

«Корольдік клубсыз» өткен таңдау

Испания құрамасының бас бапкері Луис де ла Фуентенің қорытынды тізіміне 13 түрлі клубтан 26 футболшы енді.

Мадридтіктердің басты қарсыласы – каталониялық «Барселона» құраманың негізгі өзегіне айналып отыр. Қаталондықтардан Әлем чемпионатына бірден 8 футболшы аттанады: Қақпашы: Жоан Гарсия, қорғаушылар: Пау Кубарси, Эрик Гарсия, жартылай қорғаушылар: Гави, Педри, Даниэль Ольмо, шабуылшылар: Ферран Торрес пен Ламин Ямаль.

ӘЧ-2026 топтық кезеңінде Испания Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругвай құрамаларымен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлем чемпионаты алғаш рет қатысып жатқан Өзбекстан құрамасы да ойыншылардың тізімін жариялаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз