Ролан Гаррос-2026: Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Елена Рыбакина успешно стартовала на «Ролан Гаррос-2026»
Ролан Гаррос-2026: Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады / фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос-2026) бірінші айналымынан мүдірмей өтті. Алғашқы кездесуде отандасымыз Словения өкілі Вероника Эрьявецті (WTA рейтингінде 85-орын) айқын басымдықпен ұтты.

Корттағы кездесу небары 1 сағат 16 минутқа созылды. Ойынның басында Рыбакина алғашқы геймді қарсыласына беріп алғанымен, кейін тез арада басымдықты өз қолына алды. Словениялық теннисшінің ешқандай қарсылық көрсетуіне мүмкіндік қалдырмаған Елена бірінші сетті 6:2 есебімен аяқтады.

Екінші партияда да дәл осындай сценарий қайталанып, жерлесіміз қарсыласын 6:2 есебімен тас-талқан етті.

Келесі қарсылас – Украина өкілі

Екінші раундта Елена Рыбакина украиналық теннисші Юлия Стародубцевамен (WTA рейтингінде 54-орын) шеберлік байқасады. Стародубцева да турнирдің алғашқы айналымында ресейлік Анна Блинкованы (99-орын) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Ролан Гаррос-2026

Биылғы Ролан Гаррос турнирінің әйелдер арасындағы жекелей сынының негізгі кезеңі 24 мамыр мен 6 маусым аралығында өтеді. Топырақ кортындағы доданың былтырғы чемпионы Коко Гауфф (АҚШ, №4 WTA). Биыл жалпы жүлде қоры 72 811 352 доллар (34,05 млрд теңге).

Еске сала кетейік, сәуір айында Елена Рыбакина 90 млн теңге тұратын Porsche кабриолетін жеңіп алған еді.

Сондай-ақ оқыңыз