Lifestyle

Украиналық әнші Лобода Алматыға көшуді ойласытырып жүр

Фото: threads

Танымал әнші Светлана Лобода өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Алматы қаласына деген ерекше сүйіспеншілігін білдіріп, оқырмандарына ой тастады. Өнер иесі Қазақстанға әр келген сайын бұл елден кеткісі келмейтінін айтты.

«Жанымдарым, сәлем! Қазақстанға көшіп келсем бе екен? деп ойланып жүрмін. Бұл жаққа келген сайын бес күннің тым аз екен деп қаламын” – деп жазды әнші.

Лобода Қайрат Нұртастың концертінде өнер көрсеткеннен кейін, өзіне кішігірім демалыс сыйлап, Алматының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Әнші қала метросына түсіп, жолаушылармен бірге жол жүрген. Алматыдағы ең танымал жаяу жүргіншілер Панфилов көшесінде серуендеген.

«Өмір қайнап жатыр! Келесі жолы Алматығы келгенімде ұзағырақ тұрақтайтын сияқтымын» – деп жазды Лобода.

Еске сала кетейік, украиналық әнші Светлана Лобода 24 мамыр күні Алматыда Қайрат Нұртастың концертінде өнер көрсеткен еді.