Банк пен қаржы

477 теңге: доллар құны қайтадан көтеріліп жатыр

доллар мен теңге бағамы
Жазда долларға сұраныс артады / фото: shutterstock

26 мамырда доллар бағамы айтарлықтай көтерілді. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 12:00-де 1 доллар 477,43 теңге болды.

Айта кетейік, бір күн бұрын биржада валюта саудасы 472,96 теңгемен жабылған. Содан бері аз уақыттың ішінде доллар шамамен 4 теңгеге нығайып үлгерді.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер де сейсенбі күні түсте АҚШ валютасын 477-478 теңге аралығында саудалай бастады. Ақша айырбастау мекемелері көк қағазды 478 теңгеден сатып жатыр.

kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласындағы валюта айырбастау пунктері 1 долларды 475 теңгеден қабылдап, 478 теңгеден өткізе бастады. Астанадағы бағам: 470 және 477 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов жаз уақытында долларға сұраныс артатынын ескерткен. Өйткені шетелде демалатын азаматтар АҚШ валютасын көптеп сатып ала бастайды.