
Алматы қаласындағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына байланысты полиция қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды.
Тергеу апатқа құқық қорғау органы қызметкерінің әрекетсіздігі апатқа болды деп таныған. Қазір қылмыстық іс бойынша жиналған барлық материал танысу үшін тараптарға берілген.
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған сериядағы мемлекеттік тіркеу нөмірін заңсыз беру фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Қайғылы оқиға 21 наурызға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Zeekr көлігінің жүргізушісі жарыс ұйымдастырып, жоғары жылдамдықпен қарсы беттегі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам – жүргізуші мен 20 және 22 жастағы екі қыз қаза тапқан.
Сараптама нәтижесінде Zeekr жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды.
Мұның алдында осы қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 28 мамыр 15:00-де өтетіні айтылды.