«Almaty Superski» тау туризмін дамыту бойынша талқылаулар өтіп жатыр

Алматыда Көкжайлау шатқалындағы «Almaty Superski» тау курортын салу жобасына қатысты қоғамдық тыңдау өтіп жатыр.
Жиын барысында Алматы тау кластерін дамыту, туристік инфрақұрылымды жетілдіру, экологиялық талаптар мен табиғи аумақтарды сақтау мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар, қоғамдық тыңдауға мемлекеттік органдар өкілдері, экологтар, сарапшылар, қоғам белсенділері және қала тұрғындары қатысып жатыр.
Тыңдау барысында жобаға қатысты ұсыныстар мен пікірлер қаралып, инфрақұрылымдық бастамалардың Іле Алатауы табиғатына әсері талқыланады.
Almaty Superski жобасы – Алматы қаласының маңында халықаралық деңгейдегі заманауи тау курортын құруға бағытталған кешенді бастама. Жоба қысқы туризмді (шаңғы, сноуборд) дамытумен қатар, жаяу серуен бағыттарын, экотуризмді және спорттық белсенділіктерді қамтитын жыл бойғы демалыс инфрақұрылымын дамытуды көздейді.