Елде бір жылда 184 адам жұмыс орнында қайтыс болған

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
2024 жылы жалпы 2 471 адам жарақат алған/фото: Shutterstock

Елде 2025 жылы жұмыста 2 328 адам зардап шеккен, оның ішінде 184 адам қайтыс болған. Басым бөлігі ірі және орта кәсіпорындарда болған – 1 941 жағдай, шағын кәсіпорындарда 387 дерек тіркелген.

Ал 2024 жылы жалпы 2 471 адам жарақат алған. Бұл деректер Ұлттық статистика бюросының есебінде көрсетілген.

Ең қауіпті салалар

Қызметкерлер ең жиі ауыр жарақат алатын үш сала: өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндірісі және құрылыс.

  • Өңдеу өнеркәсібі: 796 адам зардап шеккен, 35 адам қаза тапқан.
  • Тау-кен өндірісі: 380 адам жарақат алған, 19 адам қаза болған.
  • Құрылыс: 198 адам зардап шеккен, 43 адам қаза тапқан.

Қауіп деңгейі жоғары салалар қатарына денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету секторы да кіреді. Бұл салаларда 173 адам зардап шегіп, 5 адам қаза болған.

Кімдер жиі жарақат алады

Бір жылда зардап шеккендердің басым бөлігі – жұмысшылар.

  • Өнеркәсіп, құрылыс және көлік саласында 822 жұмысшы зардап шеккен (65-і қаза болған).
  • Өндірістік жабдық операторлары, жүргізушілер: 307 зардап шеккен (53 адам қайтыс болған).
  • Техникалық мамандар мен көмекші персонал: 215 адам жарақат алған (10 адам қаза тапқан).
  • Қызмет көрсету және сауда саласында 143 адам жарақат алған (7 адам қаза болған).

Қай өңірде жиі тіркеледі

Жарақат алу жиі тіркелетін өңір – Шығыс Қазақстан облысы. 2025 жылы бұл өңірде 287 жағдай тіркелді, бұл – жалпы жазатайым оқиғалардың 12,3%-ы. Одан кейінгі орында Қарағанды облысы тұр – 277 адам.

Өндірістегі жарақаттан келген шығын

2025 жылы өндірістегі жазатайым оқиғаладың жалпы шығыны 4,91 млрд теңгеге жеткен. Ішінде кәсіпорындар еңбекке жарамсыздық парағы бойынша 3,01 млрд теңге төлеген.

Тағы 1,87 млрд теңгені жұмыс берушілер зардап шеккен қызметкерлер мен қаза болғандардың отбасыларына бір реттік өтемақы ретінде аударған.

Айта кетейік, 2023 жылы елде жұмыс орнында 175 адам қайтыс болған

Сондай-ақ оқыңыз