Ferrari бес орындық электромобиль шығарды

Ferrari компаниясы алғашқы толық электрлі суперкарын ресми түрде таныстырды. Бес орындық жаңа модель Ferrari Luce деп аталады. Ол «жарық» дегенді білдіреді.
Басты ерекшелігі
Феррари жаңа суперкөлігінде төрт электр қозғалтқышы бар. Олардың жалпы қуаты 1050 аттың күшінен асады.
Электромобиль 0-ден 100 км/сағ жылдамдықты небәрі 2,5 секундта еңсереді. Ал ең жоғары жылдамдығы – 310 км/сағ.
122 кВт/сағ батареясын бір қуаттағанда 530 шақырымнан астам қашықтыққа жетеді.
Ferrari алғаш рет 5 орындық көлік шығарып отыр. Бұған дейін компания негізінен төрт адамға шақталған көлік дайындайтын.

Дизайн
Көліктің футуристік дизайны мен интерьерін құрастыруға Apple компаниясының бұрынғы бас дизайнері Джони Айв пен оның LoveFrom студиясы қатысты.
Салонда сенсорлы экрандардың орнына кәдімгі батырмалар, механикалық ауыстырып-қосқыштар мен сапалы алюминий тетіктер қолданылған.
Ferrari инженерлері арнайы сенсорлар арқылы электр моторларының дірілін, көлік гүрілін күшейткен.
Бағасы
Еуропада жаңа Ferrari Luce моделінің бастапқы бағасы шамамен 550 мың еуро (640 мың доллар) тұрады. Алғашқы дайын көліктер тапсырыс берушілерге жеткізіле бастайды.
Ол Қазақстанға шамамен 2027 жылдың жазында жетіп қалуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы Ferrari алғаш рет электромобиль шығарған.
Еуропа Одағы 2035 жылға қарай бензинмен жүретін жаңа көліктерді шектемек. Соған байланысты Феррари де жаңа талапқа бейімделуге мәжбүр. Алайда компания басшылығы оны жаңа мүмкіндік деп санайды.