Каспий құбыры арқылы жыл басынан бері 25,95 млн тонна мұнай жөнелтілді

Жарияланды
КҚК құбыры / фото: gemini AI

Каспий Құбыр Консорциумы (КҚК) биылғы жылдың басынан 24 мамырға дейін Новороссийск маңындағы теңіз терминалында 206 танкерге 25,95 млн тонна мұнай тиеп жөнелтті, деп хабарлады консорциум. Бұл туралы Reuters мәлімдеді.

2026 жылы ауа райы жағдайларына байланысты теңіз терминалындағы жүк операцияларының тоқтап тұру уақыты 680 сағатты құрады. Бұған қоса, түрлі қауіп-қатерлердің болуына байланысты айтарлықтай уақыт бойы мұнай жөнелту жүзеге асырылмаған, делінген хабарламада.

Бұған дейін Reuters дереккөздері хабарлағандай, КҚК сәуір айында мұнай экспортын наурыз айымен салыстырғанда 5%-ға арттырды.

КҚК 2026 жылы мұнайды ауыстырып тиеу көлемін 2025 жылғы 70,5 миллион тоннадан 72 миллион тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының 80%-дан астамы КҚК арқылы тасымалданады, оның негізгі бөлігі Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ сияқты алып Каспий кен орындарынан өндіріліп, Новороссийск маңындағы Южная Озереевкада орналасқан консорциум терминалында танкерлерге тиеледі.

КҚК акционерлері: 31% үлеске Ресей, Қазақстан (20,75%), Chevron (15%) және басқа да жеке компаниялар иелік етеді.

Еске сала кетейік, 2026 жылыдың І тоқсанында Қазақстан 8,0 млрд доллар шикі мұнайды экспорттады.

Сондай-ақ оқыңыз