
Отандық эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас тағы да желі қолданушыларының ықыласына бөленді. Бұл жолы әнші өзінің тығыз жұмыс кестесі мен шаршағанына қарамастан, отбасылық құндылықтарды алдыңғы орынға қоя білетінін дәлелдеді. Өнер иесі қызы Алаудың мектеп бітіру салтанатына арнайы барып, ұстаздар мен түлектерді қуантты.
«Балаларымыздан маңызды ештеңе жоқ»
«Қанша тығыз график болса да, балаларымыздан маңызды ештеңе жоқ. Алауды қолдауға үлгеріп келдік», – деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова Қайраттың ән айтып тұрған сәтін бөлісіп.
Айта кетейік, Қайрат Нұртас кеше ғана 24 мамыр күні Алматыда жеке концертін өткізіп, 25 мамыр күні Астанада қызының мектебіне келді.