Жетісуда өзеннен баланың мәйіті табылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Жасөспірімнің мәйіті көлден табылды/фото: shutterstock

Жетісу облысында бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, мәйіт 26 мамыр таңғы сағат бес кезінде Қаратал өзенінен табылған.

Алдын ала мәлімет бойынша, баланың денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Жетісу облысы полициясы қаза болған баланың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмауды сұрады.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында көлден 25 жастағы Ерзат Егінбайдың мәйіті табылды. Туыстары оның суицид жасағанына сенбей отыр.

Сондай-ақ оқыңыз