Биыл 2 мың балаға әуе билеті тегін беріледі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов үкімет жиынында балалар мен жасөспірімдер туризмін дамытуға бағытталған жобалар туралы айтты. Оның сөзінше, «Kids Go Free» бағдарламасы аясында балаларға әуе билеттері тегін беріледі.
Министрдің мәліметінше, бағдарлама ішкі туризмді дамыту және отбасылардың демалыс шығындарын азайту мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
«Бағдарлама аясында балалардың әуе билеттері субсидияланады. Бағдарлама басталғалы бері 7 мыңнан астам бала тегін әуе сапарын пайдаланды. Биыл шамамен 2 мың бала ел ішінде саяхат жасау мүмкіндігіне ие болады», – деді министр.
Айта кетейік, мектеп оқушылары жазғы демалысын тиімді әрі пайдалы өткізу үшін елде түрлі лагерьлер ұйымдастырылған. Kursiv.Media тілшісі өңірлерде балалар үшін қандай ерекше жобалар дайындалып жатқанын іздеп көрді. Толығырақ сілтемеге өтіп оқи аласыз.