Алматы мен Үргеніш арасында қатынайтын тікелей әуе рейсі ашылады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Үргеніш халықаралық әуежайы
Үргеніш халықаралық әуежайы / фото: shutterstock

Қазақстандық FlyArystan лоукостері Алматы – Үргеніш – Алматы халықаралық бағыты ашылатынын жариялады.

Әуе компаниясының мәліметінше, рейстер 3 қыркүйектен бастап аптасына екі рет – бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Бір бағытқа билет бағасы 41 мың теңге. Лоукостер баға доллар бағамының құбылуына орай өзгеруі мүмкін екенін ескертті.

«Үргеніш – Өзбекстанның солтүстік-батысындағы маңызды көлік торабы. Ол Хиуа мен Нүкіс сияқты қалаларға ыңғайлы қатынауға мүмкіндік береді», – дейді FlyArystan президенті Йохан Эйдхаген.

Оның айтуынша, осы рейстің іске қосылуы Орталық Азияда әуе қатынасын дамытуға мүмкіндік береді. FlyArystan Өзбекстанның Самарқанд және Ташкент қалаларына да рейстер орындап жүр.

Бұған дейін FlyArystan Астана мен Үрімші арасында тікелей рейс ашқан. Алғашқы сапар 31 мамырға жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз