Еділ Жаңбыршин мәжілістегі кей депутаттарды «лоббист» деп атады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Почему чиновники обманывают Токаева, рассказали депутаты
фото: .kursiv.media архивінен

Мәжілісте депутаттар Кәсіпкерлік кодекске енгізілетін өзгерістерді талқылады. Заңның бизнесті тексеруге қатысты тұсына келгенде, депутаттар қызыл кеңірдек болып «бір-бірін кәсіпорындар мүддесін қорғаған лоббист» деуге дейін барды

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев заң жобасындағы Экологиялық бақылауды шығару туралы 129 бапқа және басқа баптардағы тексеру тәртібін өзгеру туралы ұсыныстарға қарсы шықты. Ол бұл өзгерістерден кейін бизнесті тексеру күшейіп, негізсіз жүктеме түсіреді деп есептейді.

» Бір кәсіпкерге 40 тексерушіден келеді… Сонда қай уақытта жұмыс істеп, өнім шығарып, мемлекетке салық төлейді? Ұлттық экономиканы дамыту мен инвестиция тарту артқа қалып жатыр. Ал шенеуніктердің мүддесі мен құзыреті бірінші орынға шығып жатыр», – деді ол мәжіліс мінберінде.

Заң авторларының бірі, депутат Еділ Жаңбыршин әріптесінің аргументіне толықтай қарсы шығып, ірі бизнестің мүддесін қорғаған «лоббист» деп атады.

Оның сөзінше, мәжілісте таныстырылған заң жобасында Азат Перуашев айтқандай нормалар жоқ, алынып тасталған. Жаза түзету бойынша, жобада экологиялық қауіпті деген төрт санат бекітілген. Бірінші, екінші санатқа жататын бизнес нысандары ғана экологиялық қаупі бар деп саналып тексеріледі. Ал тексеру бармас бұрын алдын-ала ескерту жіберіледі. Еділ Жаңбыршин ірі кәсіпорындарды уақытылы тексеру үлкен апаттың алдын алатынын алға тартып отыр.

«Егер бизнес дұрыс жұмыс істесе, еш сұрақ жоқ. Бірақ мойнына алған міндеттемені орындамаса, оған сұрақ бар. Егер бизнес әділ жұмыс істеп жатса, неге бізде проблема бар? Өндірісті қолдайтын, соған лобби жасап отырған депуаттар осыны айтыңыздаршы? Неге олар талапты орындамайды? Мүмкіндік берілді, неге дұрыс, таза технологияны пайдаланбайды? Бизнеске жүктеме болады дейді. Шағын және орта бизнеске еш жүктеме болмайды, манипуляция жасамау керек», – дейді депутат.

Айта кету керек, Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов «лоббист» сөзі үшін Еділ Жаңбыршинге ескерту жасады.

Сондай-ақ оқыңыз