НАСА ғарышкері Байқоңырдан қашан ұшатыны мәлім болды

«Союз МС-29» ғарыш кемесі Байқоңыр айлағынан 2026 жылғы 14 шілдеде ұшады. Ол АҚШ пен Ресей экипажын Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Бұл туралы «Роскосмос» бас директоры Дмитрий Баканов «Вести» ақпараттық сайтына хабарлады.
«Тағы бір халықаралық ғарыш сапары жүзеге асады. Екі отандасымыз және бір америкалық ғарышкер 14 шілдеде Байқоңырдан ұшады», – дейді Баканов.
Федералдық мекеме экипаж құрамын 2025 жылғы 26 қарашада бекіткен. Оған НАСА ғарышкері Анил Менон, сонымен бірге «Роскосмосдың» екі өкілі Пётр Дубров пен Анна Кикина енген. Үшеуі жыл басында арнайы дайындықтан өткен.
2022 жылы «Роскосмос» пен НАСА тәжірибе алмасу келісіміне қол қойған. Соның негізінде америкалық ғарышкерлер «Союз МС» кемесімен, ал ресейліктер SpaceX компаниясының Crew Dragon кемесімен ұша алады.
Бұған дейін НАСА басшысы Джаред Айзекман «Союз МС-29» кемесін ұшыру сәтін өз көзімен көру үшін Байқоңыр ғарыш айлағына келетіні хабарланған.