Шымкентте аншлаг: «Ордабасы» – «Қайрат» ойынын қайдан көруге болады

Бүгін, 28 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының 12-тур ойындары бастау алады. Бір күнде бірден алты кездесу жоспарланған. Турдың басты текетіресі Шымкентте өтпек: жергілікті «Ордабасы» өз алаңында ел чемпионы алматылық «Қайратты» қабылдайды.
12-турдың толық ойын кестесі:
Бүгін жасыл алаңға шығатын жұптар мен матчтардың басталу уақыты:
- 15:00 – «Оқжетпес» – «Ақтөбе»
- 16:00 – «Қызылжар» – «Жетісу»
- 18:00 – «Атырау» – «Тобыл»
- 19:00 – «Жеңіс» – «Каспий»
- 19:00 – «Қайсар» – «Елімай»
- 20:00 – «Ордабасы» – «Қайрат»
Тікелей эфир: Ойындарды қайдан көреміз?
Отандық футбол жанкүйерлері үшін бүгінгі матчтарды тамашалаудың екі негізгі жолы бар. Елдің басты спорттық телеарнасы Qazsport бүгін үш кездесуді тікелей эфирде көрсетеді.
- 16:00 – «Қызылжар» – «Жетісу»
- 18:00 – «Атырау» – «Тобыл»
- 20:00 – «Ордабасы» – «Қайрат»
Ал қалған кездесулерді қосқанда, 12-турдың барлық алты ойынын бірдей KFF LEAGUE ресми YouTube-арнасынан тікелей эфирде тегін тамашалауға мүмкіндік бар.
Еске сала кетейік, Шымкентте аталмыш ойынға билеттерді сатып алу үшін, таңғы бестеп бастап кезекке тұрған еді. «Ордабасы» футбол клубы билет ала алмай қалған жанкүйерлер үшін, стадион сыртында екі үлкен LED экраннан көрсетілім ұйымдастырады.