Қасым-Жомарт Тоқаев Путинді Тәуелсіздік сарайында қарсы алды

Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында салтанатты түрде қарсы алды.

Алдымен екі ел басшылары бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Мемлекет басшыларына құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Салтанатты рәсімнен кейін екі мемлекет басшысы келіссөз залына өтті.

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстардың қазіргі ахуалы және оны одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.
Еске салайық, кеше, 28 мамырда Қазақстанға РФ Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан салтанатты түрде қарсы алды.