Астанада 80 мың теңге үшін адам ұрлаған шетелдіктер сотталды

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Астана қаласының соты Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген алты азаматқа қатысты үкім шығарды. Олар елорда аумағында адам ұрлап, бопсалаумен айналысқан.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, қылмыстық оқиға 2024 жылдың желтоқсанында басталған. Топ мүшелерінің бірі жәбірленушіден «орындалмаған қызмет үшін» ақша талап етіп, күш қолдану арқылы 80 мың теңге аудартқан. Алайда мұнымен тоқтамай, кейін сыбайластарымен сөз байласып, жәбірленушіні қала ортасында ұрлап әкеткен.

«Сарыарқа» ауданының прокуратурасы сотта айыпталушылардың кінәсін толық дәлелдейтін айғақтарды ұсынды. Нәтижесінде 5 адам алдын ала сөз байласып, пайдакүнемдік ниетпен адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 1 адам қылмысқа көмектескені және өз бетінше билік еткені үшін 7 жыл 6 айға сотталды.

Үкім 2026 жылдың 5 ақпанында күшіне енді.

Ескерте кетейік, адам ұрлағаны үшін заңнамада 15 жылға дейін, ал өз бетінше билік еткені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін Алматыда 3 адам зейнеткерді ұрлап, баспанасын тартып алмақ болғаны жайлы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз