Атырау облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Атырау облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды / Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Атырау облысында жол апатынан төрт адам қайтыс болды. Жергілікті полицияның хабарлауынша, қайғылы жағдай 29 мамыр сағат таңғы 6:30 шамасында болған.

«Индер ауданында Индер-Қарабау тас жолының 15-шақырымында Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылған. Салдарынан 42 жастағы жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза тапты», – делінген ақпаратта.

Тағы бір жолаушы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді.

Қазір тиісті іс-құжаттары жинақталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні сағат 03:30 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында жол апатынан үш адам қаза тапты.

Сондай-ақ оқыңыз