Атыраудағы қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваның жағдайы қай кезде нашарлаған

Атырауда Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты сот процесі жалғасып жатыр. 29 мамырдағы сот отырысында сотталушының ата-анасынан жауап алынды.
Сұлтанның анасы сот барысында ұлы мен келіні арасындағы жанжалдың қайдан шыққанын айтып берді. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Сөзінше, Сұлтан мен Ақбаян 2018 жылы үйленген. Екеуі Махамбет ауданындағы үйде тұрған.
2022 жылы Ақбаян Мұқанғалиева төртінші сәбиіне жүкті болған. Ерлі-зайыпты арасында жанжал шыққан соң, Ақбаян балаларын алып, ата-анасының үйіне кеткен. Кейін Сұлтан екеуі қайта татуласып, Атырау қаласына көшкен.
2024 жылы Ақбаян бесінші сәбиіне жүкті болған. Сол жылы пневмониямен ауырған. Дәрігерлер баланы аман алып қалу үшін шұғыл түрде кесарь тілігін жасауға мәжбүр болған. Нәресте аман қалғанымен, ананың жағдайы қиындап, орталық жүйке жүйесі зақымданған.
Сол сәттен бастап Ақбаянның жағдайы нашарлаған. Жүріп-тұруы қиындап, 2025 жылы Ақбаянға I топ мүгедектігі берілген.
Сотталушының анасы осы кезде Сұлтан мен Ақбаянның туыстары арасында келіспеушілік басталғанын растап отыр.