Lifestyle

Бас мүфти Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібековті Құрбан айтпен құттықтады

фото: ҚМДБ, коллаж: kursiv.media

Құрбан айт мейрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекеттік рәміз – Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібековпен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Жандарбнк Мәлібековке өзінің ізгі тілектері мен шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар халқымыздың рухани тұтастығын сақтау, ұлттық құндылықтар мен дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту жолындағы еңбегіне ерекше тоқталып, алғыс айтты.

«Құрбан айт – тек құлшылық қана емес, бұл – қоғамдағы ауызбіршілікті, мейірімділік пен бауырмалдықты арттыратын, ағайынның арасын жақындатып, бірлікті бекемдейтін ерекше қасиетті мейрам», – деп атап өтті Бас мүфти.

Өз кезегінде Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков ҚМДБ тарапынан көрсетілген ерекше ілтипат пен құрметке ризашылығын жеткізді. Тәуелсіздіктің тірегі – елдің тыныштығы мен халықтың ауызбіршілігі екенін айтқан зиялы қауым өкілі, қасиетті күндерде жасалған дұғалар қабыл болып, жұртымыздың аман, мемлекетіміздің іргесі берік болуын тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бас Мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрбан айт қарсаңында мал базарға барып мал бағасын көтермеуді сұраған еді.