Чемпиондар лигасы: ПСЖ Будапештке ұшып келді
Жарияланды

Францияның ПСЖ футбол клубы ертең, 30 мамыр күні лондондық «Арсеналға» қарсы өтетін шешуші финалдық кездесуге қатысу үшін Будапешт қаласына ұшып келді.
Команданың ресми серіктесі Qatar Airways әуе компаниясымен сәтті қонған футболшылардың көңіл-күйі көтеріңкі. Желіде жарияланған суреттер мен видеолардан футболшылардың маңызды матчқа тас-түйін дайын екенін байқауға болады.
ПСЖ Будапешттегі жасыл алаңда алғашқы жаттығуды өткізді.
Ертеңгі кездесу қос ұжым үшін де, олардың әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйерлері үшін де үлкен сынақ болмақ.
Чемпиондар лигасының финалы ертең сағат 21:00 де басталады. Ойынды қайдан көруге болатынын бұған дейін жазған едік.