Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты соңғы 10 жылда екі есеге өскен

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысының кулуарында Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты екі есе өскенін айтты.
Оның айтуынша, Қазақстан соңғы 10 жылда Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортын 5 миллиардтан 10 миллиард долларға дейін арттырды.
«Бұл өте жақсы көрсеткіш. Ал тауар айналымы 15 миллиардтан 30 миллиард долларға дейін өсті. Үшінші елдермен тауар айналымы 60 миллиардтан 113 миллиард долларға дейін артқан» дейді ол.
Айтуынша, Қазақстанда логистика жақсы дамығандықтан, көптеген ел Қазақстанды ЕАЭО нарығына шығу үшін өндіріс орнын ашатын алаң ретінде пайдаланады.
Айта кетейік, бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстан Ресейде үш мектеп салатынын айтқан еді.