
«Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылдың 1-тоқсанындағы қаржылық есебін жариялады. Уран бағасы жоғары болғанына қарамастан, компанияның кірісі 28%-ға (154,2 млрд теңгеге дейін), ал таза пайдасы 56%-ға, яғни 13,9 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Мұның басты себебі – клиенттерге тауар жеткізу кестесінің өзгеруі. Осының салдарынан табиғи уранды сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға түсіп кеткен. Дегенмен уранның орташа сатылым бағасы 12%-ға (бір фунт үшін 54,70 долдардан 61,33 долларға дейін) өсті. Бұл сатылым көлемінің құлдырауын аздап жапқанымен, қаржылық көрсеткіштерді былтырғы деңгейде сақтап қалуға жеткіліксіз.
Сатылым географиясы мен тәуекелдер
Ең үлкен нарықтар АҚШ (51,5 млрд теңге) пен Ұлыбритания (49,1 млрд теңге), ал Францияға сатылым 179 млн теңгеге дейін күрт қысқарған. Сондай-ақ «Росатом» кәсіпорындарына санкция салынбағанымен, компания басшылығы тәуекелдерді үнемі бақылауда ұстайтынын мәлімдеді. Жалпы алғанда, тоқсандық есеп әлсіз болғанымен, сатылым көлемі тауар жеткізу кестесіне қарай әр тоқсанда әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтан инвесторларға алдағы айлардағы сатылым динамикасын бақылау маңыздырақ болмақ.
Айта кетейік, бір күн бұрын Қазатомөнеркәсіп 2025 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдаған.