Телефон емес, көрпе-төсек: маркетплейстердегі сауда құрылымы күрт өзгерді

Қазақстандықтардың онлайн-шопингтегі талғамы күрт өзгерді. Егер бұрын маркетплейс десе, көз алдымызға бірден жаңа смартфон мен құлаққап келетін болса, қазір тренд мүлдем басқа.
Ұлттық статистика бюросының жаңа мәліметтері нарықта үлкен өзгерістер барын аңғартады.
Маркетплейстердегі тауар санаттарының үлесі, %
2025 жылғы жалпы сауда көлемі: 3.2 трлн тг
Смартфондар қалай «тақтан түсті»?
2025 жылдың қорытындысы бойынша, «телефондар мен гаджеттер» санаты маркетплейстердегі жалпы сауданың 17%-ын ғана иеленді. Бұл жай ғана төмендеу емес, нағыз құлдырау болып көрінеді. Өйткені 2023 және 2024 жылдары көрсеткіш шамамен 27% маңында болатын. Яғни, гаджеттердің нарықтағы үлесі бірден 10 пайыздық пунктке қысқарған. Ақшалай айтсақ, телефон саудасы 552,9 млрд теңгені құрап, бір жылда 25%-ға азайып кетті.
Мұның сыры неде? Халықтың телефонға деген сұранысы таусылған жоқ. Басты себеп- заң талаптарының күшеюі. 2025 жылы IMEI-кодтарды верификациялау (тексеру) бойынша жаңа ережелер енгізілді. Осы қадам «сұр» нарық пен заңсыз телефон айналымының жолын кесіп, статистиканы айтарлықтай өзгертті.
Смартфонның орнын не басты?
Ең қызығы – телефон сатылымы азайса да, Kaspi, Freedom, Wildberries немесе Ozon сияқты алпауыттар зардап шеккен жоқ. Керісінше, маркетплейстердегі жалпы сауда көлемі 21%-ға өсті. Қазақстандықтар енді телефон емес, тұрмысқа қажетті дүниелерді жаппай онлайн ала бастаған. Нарықты алға сүйреген ТОП-3 санат:
- Үйге арналған тауарлар : бар-жоғы бір жыл ішінде бұл санаттың үлесі 6%-дан 12%-ға дейін, яғни екі есе өсті. көрпе-төсек, ыдыс-аяқ пен интерьер заттары қазір трендте.
- Киім, аяқ киім және спорт: бұл санат та тұрақты өсім көрсетіп, нарықтың үлкен бөлігін жаулап алды.
- Азық-түлік: онлайн азық-түлік тапсырысы соншалықты танымал болып, нәтижесінде санат ең көп сатылатын үздік 5 тауардың қатарына нық жайғасты.
Еске сала кетейік, енді салықшылар маркетплейстен қандай тауар алғаныңызды да тексеріп отырады.