Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы Ресейде өтеді
Жарияланды

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев айтты.
«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің келесі отырысы желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтеді», – деді ол.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында V Еуразиялық экономикалық форум да өтті. Оның жұмысына әлемнің 44 елінен 3 мыңға жуық адам қатысты.
«Форумның іскерлік бағдарламасына 30-ға жуық іс-шара енді. ЕАЭО-дағы интеграциялық процестердің ең өзекті әрі сұранысқа ие мәселелері негізгі тақырыптарға айналды», – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сағынтаев ЕАЭО елдері Туниспен еркін сауда туралы келіссөздерді бастайтыны айтқан еді.