Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысы басталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото: Ақорда

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.  

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Айта кетейік, Астанада 28-29 мамыр күндеріне жоспарланған V Еуразиялық экономикалық форум өтуде. Оған әлемнің 44 елінен 3000-ға жуық адам қатыстып жатыр.

Еске салсақ, V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық сессиясында Ресей Президенті Владимир Путин жасанды интеллекет саласындағы Ресейдің артықшылықтарына тоқталды.

Сондай-ақ оқыңыз