Жамбыл облысындағы кей жолда жылдамдық сағатына 120 шақырымға дейін артты
Жарияланды

Жамбыл облысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің Қайнар – Тараз және Тараз – Шымкент ақылы жол учаскелерінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 120 шақырым болып белгіленді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» хабарлады.
Өзгеріс 19 мамырдан бастап күшіне енген.
Сонымен қатар Тараз – Шымкент учаскесінде орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі уақытша ажыратылған. Осыған байланысты бұл учаскеде сағатына 110 шақырым жылдамдық шектеуін асыру бойынша түсетін әкімшілік айыппұлдарға жергілікті уәкілетті орган жауапты.
Айта кетейік, маусымның соңына дейін Қазақстанда WeChat Pay төлем жүйесі арқылы ақылы жолдарда жол ақысын төлеу іске қосылады.