Lifestyle

Dell студенттерге арналған арзан ноутбук шығарды

Dell xps13 арзан ноутбук
Өте жеңіл әрі арзан ноутбук / фото: dell.com

Dell компаниясы тарихындағы ең арзан ноутбук шығарды. XPS 13 өнімі бағасы жағынан MacBook Neo-мен бәсекеге түседі. Студенттер оны арзан бағаға сатып ала алады.

Ерекшелігі

Dell XPS 13 ноутбугының салмағы – бар болғаны 1 кг. Техника өте жұқа әрі жеңіл етіп дайындалған.

Экраны – сенсор. 1 ТБ қоры бар. Процессорын Intel Core Ultra Series 3, 32 ГБ дейін жетілдіруге болады.

Компания бірнеше ай бұрын нарықта өнімнің барлық түрі бойынша бәсекеге түсуге уәде берген. Техника бөлшектері қымбаттағанына қарамастан, Dell сөзінде тұрғанын мәлімдеді. Компания жаңа өнімін 31 мамырда таныстырды.

Студенттерге арналған

XPS 13 ноутбугы арзан болғанымен, оған жұмсалған шығын аз дегенді білдірмейді. Оны жоғары сынып оқушылары мен студенттер пайдалана алады.

Компания 16 жастағы оқушылар мен одан жоғары студенттер үшін жаңа өнімді 599 доллардан ұсынып отыр. Ал қалған тұтынушылар лэптопты 699 доллардан сатып ала алады.

iPhone 18 Pro қандай болатынын және бағасын білгіңіз келсе, Kursiv.Media мақаласын оқыңыз.