Freedom холдингі бірыңғай брендке көшпекші

Freedom Holding Corp. бірыңғай брендке көшпекші. Компания мәлімдеуінше, логотиптердегі «Bank», «Broker» және басқалар қолданылмайды.
Брендті жаңартудағы басты мақсат – топтың нарықтағы орнын нығайту, қызметтерді жұртқа кеңінен таныту және клиенттер мен серіктестер үшін ортақ әрі ыңғайлы орта қалыптастыру. Ребрендинг аясында холдингтің барлық шетелдік филиалдары бірыңғай стильге, ортақ бренд жүйесіне және коммуникациялық үлгіге біртіндеп көше бастайды.
«Брендтің өзгертілуі – Freedom-ның біртұтас экожүйе ретінде дамуының қисынды жалғасы. Бүгінгі таңда біздің өнімдеріміз бен көрсетілетін қызметтеріміз бір-бірімен жеткілікті түрде біріктірілген және бірыңғай бренд осы байланысты клиент үшін неғұрлым түсінікті әрі танымал етеді. Адам банктік, брокерлік, сақтандыру немесе lifestyle қызметтерін пайдалана отырып, бірыңғай тәсілді, сапа стандарттарын және пайдаланушы тәжірибесін сезінуге тиіс. Біз үшін бұл брендтердің визуалды бірігуі ғана емес, сондай-ақ клиенттің қажеттіліктері төңірегінде цифрлық экожүйе құруға бағытталған стратегияның көрінісі», – дейді Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Қазіргі уақытта Freedom экожүйесі қаржы, сақтандыру, байланыс, lifestyle және цифрлық қызметтердің басын қосып отыр. Компания клиенттері күн сайын банктік операциялар, брокерлік қызмет, сақтандыру, билет алу немесе интернет-дүкендер сияқты әртүрлі өнімдерді пайдаланады.
Біртұтас брендке көшу – жай ғана қызметтер жиынтығы емес, өзара тығыз байланысқан, түсінікті жүйе болуға деген қадам дейді компания өкілдері. Мұндай тәсіл тұтынушыға Freedom-ның барлық өнімін тез ажыратуға, қызметтерді оңай меңгеруге және оларды өзіне тиімді әрі ыңғайлы жағдайда қолдануға мүмкіндік береді.
Тағы да оқыңыз: Сенім феномені мен экожүйе: Тимур Турлов Стэнфордта Freedom-ның жетістігін талдады