
2026 жылғы мамырда жылдық мәндегі инфляция сәуірдегі 10,6%-дан кейін 10,4%-ды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 11,7%-ға, азық-түлік тауарлары – 10,7%-ға, ақылы қызметтер – 8,7%-ға өсті.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлеме бойынша жоспарлы шешімі 2026 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады. Ұлттық банк мөлшерлемені төмендетуі мүмкін деп күтілуде.
Айта кетейік, өткен аптада инфляцияның болжамды төмендеуі, өз кезегінде, Ұлттық Банктің ақша-несие саясатына да тікелей әсер етеді. Инфляцияның бәсеңдеуі – базалық мөлшерлеменің де біртіндеп төмендеуіне негіз қалайды.
Сарапшылар 2027-2028 жылдары базалық мөлшерлеменің бүгінгі 16% деңгейінен айтарлықтай төмендейтінін болжап отыр. Бұл – болашақта несиелердің арзандауына, бизнес пен халық үшін қаржылық ресурстардың қолжетімді болуына мүмкіндік беретін маңызды сигнал.