Экономика

Израиль Ливандағы әскери операциясын кеңейтіп жатыр: Бофорт қамалы басып алынды

Бофорт қамалы басып алынды / фото: gemini AI

Алты апта бұрынғы атысты тоқтату режиміне қарамастан, Израиль премьер-министрі Б. Нетаньяху «Хезболлаға» қарсы Ливанға әскер кіргізуді жалғастыруға бұйрық берді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Израиль күштері оңтүстік Ливандағы стратегиялық маңызы бар 900 жылдық Бофорт қамалы мен Вади аль-Салуки жотасын басып алды. Бұл нысан екі елдің шекаралас аймағын бақылауға толық мүмкіндік береді, айта кетейік, Израиль мұнда соңғы рет 2000-шы жылы болған.

Қорғаныс министрі И. Кац қамалға Израиль туын тігіп, бұл аумақ енді қауіпсіздік аймағы ретінде қалатынын мәлімдеді. Сондай-ақ «Хезболланың» басты тірегі саналатын Набатия қаласының маңында да әскери операциялар жүріп жатыр.

Келіссөздер мен жалғасқан қақтығыс

АҚШ делдалдығымен Вашингтонда Израиль мен Ливан өкілдері «Хезболланы» қарусыздандыру жоспарын талқылады. Бұған дейін тараптар атысты тоқтатуды 45 күнге ұзартуға келіскенімен, қақтығыс толастаған жоқ. «Хезболла» әуе шабуылына қарсы жүйелерге байқалмайтын арзан камикадзе-дрондарды белсенді қолдануда, ал Израиль жерүсті операцияларын кеңейтуде. Осы тұста Нетаньяхудың саяси бәсекелесі Нафтали Беннет Ливанға, соның ішінде Бейрут маңына бұдан да қатаң соққылар жасауға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, АҚШ, Израиль мен Иран соғысына 3 айдан асты.