Мальтада отшашу шығаратын зауыт жарылды (видео)

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Мальтада отшашу шығаратын зауыт жарылды
Куәгерлер түсірген суреттер / фото: maltatoday.com

1 маусымда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да Мальтада отшашу шығаратын зауытта ірі жарылыс болды. Екі адам ауруханаға түсті.

Отшашу сақтайтын қоймадағы жарылыстың қатты болғаны сонша, оның әсерін аралдағы бірнеше аудан сезді.

Maltatoday басылымының мәліметінше, төтенше оқиғадан кейін екі адам ауруханаға түскен. Олардың жарақаты ауыр емес.

Полиция жарылыс болған уақытта зауытта бір де бір жұмысшы болмағанын хабарлады. Өндіріс орнындағы төтенше оқиға себептері мен салдары анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз