Маусым айында 46°С-қа дейін ыстық болады

Жарияланды
Қазақ редакциясының шеф-редакторы
фото: Reuters

Қазгидромет 2026 жылғы маусым айына арналған консультативтік болжамды жариялады. Синоптиктердің болжамынша, айлық орташа ауа температурасы елдің басым бөлігінде климаттық нормадан 1-2°С жоғары, ал республиканың батыс өңірлерінде норма шамасында болады.

Ал жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде норма шамасында болжанады, елдің батыс пен солтүстік-батыстың жекелеген аудандарында көпжылдық орташа көрсеткіштерден көп болуы ықтимал.

Алғашқы онкүндік

Маусымның бірінші онкүндігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Республика бойынша өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ және екпінді жел, ал елдің солтүстік-батыс жартысында кей уақытта қатты жаңбыр болжанады.

Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында жекелеген күндері шаңды дауылдар болжанады.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы

– елдің батысы мен оңтүстік-батысында, Актөбе облысында түнде +6+12°С-тан +13+22°С-қа дейін, күндіз +15+25°С-тан +27+32°С-қа дейін, ал республиканың оңтүстік-батысында +35°С-қа дейін жоғарылайды.

Ауа температурасының ауытқуы

– елдің солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11+16°С-тан +15+20°С-қа дейін, күндіз +21+26°С-тан +28+33°С-қа дейін;

– елдің оңтүстігінде түнде +17+25°С-тан +13+18°С-қа дейін, күндіз +33+40°С қатты ыстықтан +23+31°С-қа дейін, ал елдің оңтүстік-шығысында +33+38°С-тан +20+27°С-қа дейін біртіндеп бәсеңдеуі күтіледі.

Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33+39°С қатты ыстыққа дейін жоғарылайды. Алайда онкүндіктің қалған кезеңінде ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+20°С, күндіз +25+33°С шамасында болады деп болжанады.

Екінші және үшінші онкүндік

Қазгидромет дерегінше, маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде ыстық ауа райы кезең-кезеңімен найзағай, желдің күшеюі байқалатын салқын әрі жаңбырлы күндерге алмасып отырады, ал жекелеген аудандарда бұршақ пен шаңды дауылдардың болуы ықтимал.

Температуралық фон да тұрақсыз:

– елдің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында түнде +8+18°С-тан +15+25°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +35+39°С-қа дейін, ал орталығында өте қатты ыстық +42°С-қа дейін жетеді;

– елдің оңтүстік жартысында түнде +14+23°С-тан +20+28°С-қа дейін, күндіз +28+33°С-тан +34+40°С қатты ыстыққа дейін, жекелеген күндері өте қатты ыстық +40+46°С-қа дейін ауытқуы болжанады.

Бұған дейін, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымы 2027 жылы аптап ыстық болуы мүмкін екенін ескерткен.

Сондай-ақ оқыңыз