Lifestyle

«Миллиондар дауланған сот»: Дариға Бадықова Нұрсейіт Жылқышыбайдан тағы жеңілді

коллаж: ЖИ арқылы жасалды

Танымал актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен журналист Нұрсейіт Жылқышыбай арасындағы сот дауы апелляциялық сатыда аяқталды. Актрисаның алғашқы сот шешіміне қарсы түсірген шағымы қанағаттандырылмады. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай хабарлады.

Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы істі қайта қарап:

«Алматы облысы Қарасай аудандық сотының 2026 жылғы 19 ақпандағы шешімі өзгеріссіз, ал талап қоюшы Дариға Медетжановна Бадықованың келтірген апелляциялық шағымы қанағаттандырудан бас тартылсын», деп қаулы шығарған.

Бұл қаулы жария етілген күннен бастап заңды күшіне енді. Дегенмен, заң бойынша наразы тарап алты ай мерзім ішінде бұл шешімге кассациялық тәртіппен шағым түсіруге құқылы.

Даудың басы неден басталды?

Екі танымал тұлға арасындағы сот процесіне 2025 жылғы 4 қазанда YouTube платформасында жарияланған сұхбат себеп болған еді. Дариға Бадықова аталған видеода айтылған мәліметтерді «шындыққа сәйкес келмейді» деп тануды, материалды желіден өшіруді және журналистің жария түрде кешірім сұрауын талап еткен.