БҰҰ ауған билігін балалар некесін заңдастыратын жарлықтың күшін жоюға шақырды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев
фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі комитеті Ауғанстан билігін жаңа жарлық қабылдағаны үшін сынға алды.

Сарапшылардың пікірінше, бұл құжат балалар арасындағы некені заңдастырып, қыз баланың үнсіздігін некеге келісім ретінде қарастырады.

Комитет мамандары 18 жасқа толмағандар арасындағы кез келген неке балалар некесі болып саналатынын еске салды. Олар мұндай некелерді мәжбүрлі некенің бір түрі әрі бала құқықтарын бұзатын зиянды тәжірибе деп атады.

Әңгіме 2026 жылы «Талибан» билігі қабылдаған №18 жарлық туралы болып отыр. Құжатта жыныстық жетілу кезеңіне жеткен және некеде тұрған қыздар жеке санат ретінде қарастырылған. Комитеттің пікірінше, бұл кәмелетке толмағандардың жыныстық жетілуіне қарай некеге тұруын іс жүзінде заңдастырады.

Сондай-ақ комитет бұл жарлық әйелдер мен қыздарға қатысты жүйелі кемсітушілік саясатының бір бөлігі екенін атап өтті. Оның ішінде орта және жоғары білім алуға қойылған тыйымдар да бар.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай шаралар миллиондаған ауған қыздарын негізгі құқықтарынан айырып, олардың болашақтағы әлеуметтік және экономикалық мүмкіндіктерін шектеп, елдегі кедейлік пен теңсіздікті күшейтіп отыр.

БҰҰ комитеті Ауғанстан билігін балалардың құқықтарын бұзатын барлық шараларды дереу тоқтатуға, балалар некесіне толық тыйым салуға және қыздардың білім алу, қорғалу, теңдік пен қоғамдық өмірге толыққанды қатысу құқықтарын қалпына келтіруге шақырды.

Айта кететін жайт, Қытай бала мен әйел саудасына қарсы күресті күшейткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз